Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Бағдарлық баяндамасына орай Шымкент қалалық өкілдігі мен шаһар әкімдігінің ұйытқы болуымен Қан орталығында «Өмірге үміт сыйла» атты игі іс-шара ұйымдастырылды.
Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай өткен қайырымдылық шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет Нұрматұлы, найб имам Ахметжан Керімбек, Бекайдар Әміре, дінтанушы Мұхамелжан Естеміров және мешіт дін қызметкерлері және ерікті топ мүшелері қатысты.
Ислам шариғаты бойынша қан тапсыру — адам өмірін сақтауға бағытталған сауапты амалдардың бірі болып саналады.
Айта кетейік, аталған игі шараға 100-ге жуық мешіт қызметкері белсене атсалысты.
ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі














