Бүгін Шымкент орталық мешіті мен қалалық Әжелер мектебі қасиетті Мәуліт айы құрметіне дастархан жайып, рухани шарасын ұйымдастырды.
Рухани шараға шаһар бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы бастаған дін қызметкерлері мен Әжелер мектебінің мүшелері қатысты.
Рухани шара барысында насихат айтылып, мәуліт дұғасы оқылды. Игі шараға қолдау көрсетіп, демеушілік еткен Қалдыкүл қажы апаға Алла тағаланың нұры жаусын.
ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі








