Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Бағдарлық баяндамасы аясында, Шымкент қаласы, Абай аудандық Кенесары хан мешіті мен Зекет қайырымдылық қорының ұйытқы болуымен дәстүрлі «Мектепке жол» қайырымдылық шарасы өтті.
Игі шараға Шымкент қаласы Абай ауданының бас имамы Мұхамеджан Естеміров қатысып, қолдау көрсеткен азаматтарға алғыс айтып ризалық білдірді.
Жалпы, қайырымдылық шарасы аясында жағдайы төмен, көпбалалы отбасында тұратын, яғни 100 оқушыға (дәптерлер, қалам, сызғыш, церкуль, бояу, түрлі түсті қалам, түрлі түсті журнал, сурет дәптер, қалам ұштағыш, желім т.б.) үлестірілді.

ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38