Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Бағдарлық баяндамасы аясында Шымкент қаласы Абай аудандық Кенесары хан мешітінде имамдардың біліктілігін арттыруға бағытталған
ӘҺЛІ СУННА ҰСТАНЫМЫ (тәнзиһ, тәуфид, тәуил, мухкам және мутәшабих аяттар)
атты ақида пәнінен танымдық семинары өтті.
Семинарға ҚМДБ Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахманов, найб имам Ахметжан Керімбек, Қазыбек Сарыбаев және аудан имамдары қатысты. Семинар барысында ҚМДБ тарапынан бекітілген бағдарлама аясында Республикалық ақпараттық насихат тобының мүшесі Нұрсұлтан Мәмедалиев арнайы ақида пәнінен танымдық дәріс оқыды. Қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.
Бұл бағыттағы жұмыстар ай сайын өткізілетін болып шешілді.
ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі
















