Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Бағдарлық баяндамасы аясында, Шымкент қаласы өкілдігі және Зекет қайырымдылық қорының ұйытқы болуымен дәстүрлі «Мектепке жол» қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.
Игі шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахманов, наиб имам Ахметжан Керімбек, дінтанушы Мұхамеджан Естеміров, қалалық Зекет қайырымдылық қорының өкілі Айбек Азимбаев және Абай, әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау аудандық мешітінің имамдары қатысып, ізгі іс жасады.
Жалпы, қайырымдылық шарасы аясында жағдайы төмен, көпбалалы отбасында тұратын, яғни 500 оқушыға (дәптерлер, қалам, сызғыш, церкуль, бояу, түрлі түсті қалам, түрлі түсті журнал, суретдәптер, қалам ұштағыш, желім т.б.) үлестірілді.
Акция тамыз айының соңына дейін бес аудандық мешітте жалғасын табатын болады.
ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі







