ҚМДБ Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, «Қарабура әулие» мешітінде аудандық көшпелі семинар болды.

Семинарға аудан имамы Ербол қажы Тастанбекұлының бастауымен аудандағы мешіттердің имамдары қатысты.

Семинар халықаралық отбасы күніне орай «Өнегелі отбасы — қоғам байлығы» атауымен өтті. Тақырыпқа орай, сөз сөйлеген аудан имамы, дін мен дәстүр құндылықтары отбасы тыныштық пен татулық бүкіл қоғамның тыныштығына әсер етеді.
Рухани тәрбие алған бала елге, қоғамға тек пайдалы азамат болып өсітінін жеткізді.

Семинар барысында, аудандағы салаға жауапты имамдар тарапынан баяндамалар жасалып, ҚМДБ-дан және өкілдіктен келген тапсырмалар пысықталды.

Семинарды қорытқан аудан имамы Ербол қажы, қала имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлының игі тілегін жеткізіп, қатысқандарға қызметтеріне жауапкершілікпен қарауын тапсырды.

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38