Имани жаз – 2026 жазғы діни сауат ашу курсы аясында Қаратау ауданындағы Есжанұлы Сейітжан қари мешітінде Құран тобындағы шәкірттер арасында Құран Кәрімді жатқа оқу жарысы ұйымдастырылды.
Байқау екі бағыт бойынша өтті: «Дұха» сүресінен «Нәс» сүресіне дейінгі сүрелерді жатқа оқу және 1 пара бойынша жатқа оқу.
«Дұха» сүресінен «Нәс» сүресіне дейінгі бағыт бойынша:
1-орын – Ордабек Хания;
2-орын – Сапарбек Айша;
3-орын – Екия Іңкәр;
4-орын – Бекзатқызы Айша.
1 пара Құран жаттау бағыты бойынша:
1-орын – Айбекқызы Фатима;
2-орын – Боранбай Сафия;
3-орын – Боранбай Ажар.
Жарыс соңында жеңімпаз шәкірттер арнайы марапатталып, өздері таңдаған смарт сағаттар, сымсыз құлаққаптар және «Әсмәул-Хусна» есімдері бейнеленген көркем картиналар табысталды.
Шараның басты мақсаты – шәкірттердің Құранға деген сүйіспеншілігін арттыру, жаттау қабілетін дамыту және діни білімге ынталандыру. Жарыс жоғары деңгейде өтіп, қатысушылар өз білімдері мен дайындықтарын көрсетті.










