Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Бағдарлық баяндамасы аясында «Шымкент» медресе-колледжінде «Иманды ұрпақ — ел болашағы» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды.
Кездесуге ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти кеңесшісі Смайыл Сейтбеков арнайы қатысып, Исламдағы жастар тәрбиесі, ілімді һәм білікті маман болу жөнінде дәріс оқыды. Кездесу аясында сұрақ-жауаптар ұйымдастырылып, мазмұнды жауап берілді.
Шымкентке ҚМДБ Төрағасының тапсырмасымен арнайы келген ұстаз Смайыл Сейтбековке аталмыш медресе колледжінің директоры Талғат Әсембай барша қатысушылар атынан алғыс айтып, ризалық білдірді.

ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38