Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Дәстүр және отбасы бағыты аясында дін қызметкерлері арасында
ASYQ ATU FEST ұлттық ойындары ұйымдастырылды.
Игі шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Әбдірахманов, Ахметжан Керімбек, Қазыбек Сарыбаев, Мұхамеджан Естеміров, Спорт секторы Ербол Қалшабек және аудан бас имамдары мен ұстаздары қатысты.. Жарыс барысында Шаһар бас имамы команда мүшелеріне сәттілік тіледі.
Жалпы жарысқа 6 команда қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша шағын футболдан:

І-Орын Абай тобы
ІІ-Орын Ақмешіт тобы
ІІІ-Орын Қаратау тобы

Асық ату бойынша:
І-Орын Абай тобы
ІІ-Орын Қаратау тобы
ІІІ-Орын Тұран тобы

Игі шара аясында қатысушыларға дін мен дәстүр бойынша сыйлықтар табысталып, мазмұнды уағыз-насихат айтылып, берекелі дастархан жайылды.

ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38