Шымкент қаласындағы Сейітжан қари мешіті төрінде “Рамазан тобының” шәкірттері үшін ерекше қуанышты сәт орын алды. Қасиетті Құран түскен берекелі айда олар әліппені толық тәмамдап, Құран оқуға қадам басты.
 
Бұл – үлкен еңбектің, табандылықтың және ықыластың жемісі. Шәкірттерге Құран Кәрім сыйға тартылып, жүректеріне нұр, өмірлеріне бағыт болатын Алланың кәләмін қасиетті айда оқи алатынына шынайы қуаныштарын білдірді.
 
Алла Тағала үйренген әрбір әріптерін еселеген сауапқа айналдырып, ақыретте Құранды өздеріне шапағатшы етсін. Құран Кәрім өмірлерінің соңына дейін ажырамас серігі, жүректерінің шипасы, жолдарының шамшырағы болғай.

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38