Бүгін Шымкент қаласы «Тура жол» мешіті әйел-қыздар жамағатында Рамазан айы Құран хатымы оқып бітіріліп, хатым дұғасы жасалды.
*»Рамазан айы сондай бір ай, ол айда адам баласына тура жол нұсқайтын ақ пен қараны айыратын Құран түсірілді»…* _(«Бақара» сүресі, 185-аят)_
Ал Әбу Һурайрадан (Алла оған разы болсын) жеткен хадисте Алла Елшісі ﷺ айтты: *«Алланың үйлерінің бірінде қай уақытта болмасын Құран оқып,оны үйренуге адамдар жиналса,міндетті түрде оларға Алланың тыныштығы,мейірімі жауады және оларды періштелер қоршап алады, Алла оларды Өзінің алдындағылардың алдында еске алады».*
Сондықтан, сүйікті Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын!) және оның саңлақ сахабалары және одан кейінгі ізбасарлары Рамазан айын күндіз-түні Құран оқумен өткізіп, оның терең мағыналарына үңіле білген.
Рамазан кіруінен 2 күн бұрын басталған Құран хатымын күніге 2 парадан оқу арқылы мүбәрак айдын 13-күні толықтай бітіп, хатым дұғасы оқылды.
Алладан қабыл болуын шын жүректен тілеп дұғаға қой жайған жамағат бейбіт еліміз үшін, халқымыз үшін және барлық мүмін-мұсылмандар хақысына дұға етті.
Хатым азанғы топқа бөлек, түстен кейінгі топқа да бөлек жүргізіліп, барлығы 2 бірдей Құран хатым түсірілді. Ұлы Алла бұл мүбәрак айда баршамыздың құлшылықтарымызды қабыл алып, сауабын молынан бергей!





