Шымкент қаласы, Абай ауданы, Насруддин мешіті
 
Шымкент қаласы Абай ауданындағы Насруддин мешітінің әйелдер жамағаты 1 наурыз алғыс кұніне  «Шаттық шеңбері» аясында өзара бас қосып, бір-біріне ізгі тілектерін білдірді. Іс-шара барысында Алла Тағаланың 99 көркем есімінің екінші бөлімі бойынша танымдық әрі рухани кеш ұйымдастырылды.
 
Қатысушылар 4 топқа бөлініп, көрнекіліктер дайындап, Алла Тағаланың көркем есімдеріне арналған жеке авторлық өлеңдерін оқыды. Сонымен қатар, әр есімді арабша нұсқасымен, қазақша мағынасымен рет-ретімен жаттап келгендерін жоғары деңгейде көрсетті.
 
Жамағат өнерлерін де ортаға салып,мазайкамее топтық жұмыс жасады арнайы дайындалған суреттерге Алланың 33 көркем есімінң жатталған 66 сын 4 топ *Жүрегімдегі Алланың көркем есімдері*  атты жүрекшені қызылмен бояп жаттағандарына сенімді болды , шығармашылық қабілеттерін танытты. Іс-шара өте әсерлі, мазмұнды әрі тағылымды өтті. 4 топтың қатысушылары әр қайсысы Нашид дайындап келген.Алланың 99 көркем есіміне, Пайғамбарымыз Мухаммед саллаллааһу. ‘аләйһи уә сәлләмға сағыныш әндері өте әсерлі болды. Соңында Аллаһ Тағаланың көркем есімдерін жамағатпен бірге зікір етілді.

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38