Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Бағдарлы баяндамасы және Рамазан анықтамалығы жоспарына сәйкес Шымкент қаласы Абай аудандық «Кенесары хан» мешітінде жат ағымдардың алдын алу жөнінде жамағатқа уағыз-насихат айтылды.
Уағызды аудан бас имамы Мұхамеджан Естеміров жүргізіп, уағыз барысында жат ағымдардың алдын алу және атқарылған жұмыстар туралы ақпарат берілді. Ұйымдастыру себебі, тарауих намазына жаңадан намаз үйренушілер санының өсуіне байланысты жат діни ағымдардың алдын алу, сақтандыру мақсатында жүргізілді. Осы бағыттағы уағыз- насихат жұмыстары барлық мешіттерде ұйымдастырылып келеді. Жалпы бүгінгі кездесу жоғары деңгейде ұйымдастырылады.

ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38