Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Бағдарлы баяндамасы және Рамазан анықтамалығы аясында Шымкент қаласы бойынша өкілдігіне қарасты діни сараптама мамандары діни кітап дүкендерін тексертіп, сараптама жұмыстары жүргізілді.
ҚМДБ Сараптама бөлімінің меңгерушісі Нұрлан Қайырбековтың тапсырмасына сәйкес қаладағы діни дүкендер толық тексеріліп, жат діни ағымдардың алдын алу мақсатында Шымкент қаласы бойынша діни сараптама бөлімінің жауапты маманы Мұхамеджан Естеміров арнайы діни кітап дүкендерін аралап, касіпкерлерге талапқа сай емес кітаптарды сатпау жөнінде ескертулер берді.
Жалпы, қалаға қарасты 99 мешітінде орналасқан «Ихсан ілімі» имандылық кітапхана бұрышын «Мүфтият» баспа өнімдерімен толықтыру және діни сараптамадан өткен кітаптармен қамтамасыз ету қажет. Мұнымен қатар, қала аумағында орналасқан 21 намазхана мен 11 діни кітап дүкен сараланып тұрықты қадағалып келеді.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы
бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38