Шымкент қаласындағы , қаратау ауданы “Жанқожа” мешітінің ДСАК бөлімінің әйел-қыздар шәкірттері қасиетті Рамазан айының құрметіне рухани кешке толы ауызашар дастарханын ұйымдастырды.
50ге дуық адамға ауыз ашар берілді.
Бұл ауыз ашарда Шымкент қаласы бойнша Әйел-Қыздар Секторының жетекшісі Досжанова Балжан Асылқанқызы Рамазан айының қадір-қасиеті, мұсылман өміріндегі орны, адам баласына берер екі дүниелік пайдасы туралы тағылымды насихаттар айтылып, жиналған жамағат жүректеріне рухани азық алды.
Жиын соңында үлкен апаларымыз ақ батасын беріп, жастарға ізгі тілектерін білдірді.
Ауызашар дастарханы тек ас ішу ғана емес, жүректерді жақындатқан, бауырмалдықты арттырған, иманды күшейткен ерекше рухани отырыс болды. Бір-бірлеріне рахметін айтып тарасты.



