Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Бағдарлы баяндамасы және оқу ағарту бағытының жоспарына сәйкес «Ихсан — рухани тәрбие негізі» атты кітаптың бірінші тарауындағы тақырыптар бойынша насихаттау шарасы өтті.
Игі шара ҚМДБ-ның Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахмановтың қолдауымен қолға алынды. Кітап оқу һәм насихаттау шарасына Шариғат және пәтуа бөлімінің жетекшісі Исламқұл Иманқұлұлы жүргізді.
Кездесуде атылған кітаптың бірінші тарауындағы тақырыптарына шолу жасалды. Қатысушылар тарапынан көкейде жүрген сұрақтарына жауап берілді.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38