Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Бағдарлы баяндамасы және оқу ағарту бағытының жоспарына сәйкес «Дін мен дәстүр» атты кітаптың бірінші тарауындағы тақырыптар бойынша семинар өтті.
Игі шара ҚМДБ-ның Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахмановтың қолдауымен қолға алынды. Кітап оқу семинарына Мұсабек Ақтамберді, Ахметжан Керімбек, Мұхамеджан Естеміров, Азимбек Қарабеков, және дәстүр және отбасы, жастар секторы өкілдері қатысты.
Семинарда атылған кітаптың бірінші тарауындағы тақырыптар талқыланды. Қатысушылар тарапынан көкейде жүрген сұрақтарына жауап берілді. Мұнымен қатар, аталған кітаптың екінші тарауын оқып, түсініп және мешіт имамдары мен жамағаты арасында түрлі деңгейдегі сайыстар ұйымдастыру туралы тапсырма берілді.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38