Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Бағдарлы баяндамасы және оқу ағарту бағытының жоспарына сәйкес «Дін мен дәстүр» атты кітаптың бірінші тарауындағы тақырыптар бойынша семинар өтті.
Игі шара ҚМДБ-ның Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахмановтың қолдауымен қолға алынды. Кітап оқу семинарына Мұсабек Ақтамберді, Ахметжан Керімбек, Мұхамеджан Естеміров, Самат Сапарханұлы, Азимбек Қарабеков, және дәстүр және отбасы, жастар секторы өкілдері қатысты.
Семинарда атылған кітаптың бірінші тарауындағы тақырыптар талқыланды. Қатысушылар тарапынан көкейде жүрген сұрақтарына жауап берілді. Мұнымен қатар, аталған кітаптың екінші тарауын оқып, түсініп және мешіт имамдары мен жамағаты арасында түрлі деңгейдегі сайыстар ұйымдастыру туралы тапсырма берілді.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі


