Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Бағдарлық баяндамасы аясында Шымкент қаласы бойынша өкілдігі «Muftiyat» баспасынан жарық көрген кітаптарды насихаттау мақсатында «Мешітке кітап сыйла» шарасын өткізді.
Оған Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахманов, найб имам Ахметжан Керімбек, «Muftiyat» баспасының қалалық өкілі Мұхамеджан Естеміров, қалалық «Халал Даму» бөлімінің бауылаушы маманы Қазыбек Сарыбаев және Жастар ісі секторы мен аудандық мешіттің имамдары қатысты.
Игі шара барысында «Muftiyat» баспасынан жарық көрген «Дін мен дәстүр ІІІ», «Отбасылық сұрақ-жауаптар», «Құран інжулері», «Исламдағы сауда-саттық», «Пәтуалар жинағы 1-5», «Бабалар ізімен – қазақ даласындағы мұсылмандық мектеп», «Ислам ғибадаты» сынды 22 әртүрлі құнды кітаптары мешіт кітапханаларына табыс етілді.
Осы орайда, шаһар бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлы мешіт жамағаты мен аталмыш кітап аясында түрлі деңгейдегі кітап оқу сайыстар мен жарыстар өткізуді тапсырды.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38