Бүгін Шымкент қаласы, Қаратау ауданы Қожамжар ата атындағы мешітінде «Ислам және адал қоғам» тақырыбында діни-танымдық семинары ұйымдастырылды.
Семинар жұмысына шаһар бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлы, найб имам Ахметжан Керімбек, аудан бас имамы Ербол Қалшабек, Мұхамеджан Естемір, Ералы Есенгелдиев т.б мешіт имамдары қатысты.
Семинар барысында аудандық мешіт имамы Ербол Қалшабек арнайы баяндама жасады, ҚМДБ-ның төрт бағытындағы жұмыстары жөнінде жан-жақты ақпарат беріп, кеңінен түсіндірілді. Семинар жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38