Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Сайрам тұрғын үй алабы, «Сайрам жами» мешітінде жергілікті имамдар мен «Аталар мектебі» мен «Әкелер мектебінің» мүшелері аталар бен әкелер қауымы қатысқан келелі жиын болып өтті.

Жиынға аудан имамы Ербол қажы Тастанбекұлы, қала имамының орынбасары Ахметжан қажы Пірәліұлы мен Исламқұл қажы Иманқұлұлы, аудан кураторы Дастан қажы Сүлейұлы мен Еңбекші ауданының имамы Ербосын қажы Бектұрсынұлы және аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асылбек Тоқмаханбетов қатысты.

Келелі жиынды аудан имамы Ербол қажы сөзінің кіріспесін қала имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлының ыстық ықылас сәлемін жеткізуден бастап, жиынның мәні мен маңызына тоқтала келіп, қонақтармен жеке-жеке таныстырып өтті. Әрі әрбір қонаққа сөз кезегін беріп отырды.

Сөз кезектерінде, Ахметжан қажы «Дәстүр және отбасы» бағытын, Исламқұл қажы «Шариғат және пәтуа» бөлімі саласын және Дастан қажы «Жат діни ағымдардан сақтандыру» бағытын, түсіндіре келе, тұрғандар арасында болып жатқан кейбір дәстүрге қатысты мәселелерге діни басқарма мен дін қызметкерлерінің ұстанымын нақтылап баяндамалар жасады. Және «Сайрам жами» мешітінің имамы Салахиддин қажы Пурхатұлы да дәстүрге қатысты тұрғындар арасында түрлі пікірлерге имам ретінде өз көзқарасын білдірді. Сондай-ақ, Асылбек Тоқмаханбетов пен Еңбекші ауданының имамы Ербосын қажы алдында айтылған баяндамаларды қолдап, өз көзқарастарын жеткізді.

Жиын барысында, аудан имамы Ербол қажы қатысушыларға пікір алмасу үшін сұрақ жауапқа кезек беріліп, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға қонақтар тұщымды жауаптар берілді.

Жиын соңында, аудан имамы Ербол қажы Тастанбекұлы үстіміздегі жылды ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфтидің діни қызмет аясында «Ислам және адал қоғам» деп жариялағандығын еске салып, қоғамда адалдықтың, адал болудың маңыздылығын айта келіп, дінге, дәстүрге, қоғамға адал болуға шақырды.

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38