Бүгін ҚМДБ -ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігі мен «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйытқы болуымен ҚМДБ-ның Дәстүр және отбасы бағыты аясында «Тайқазан» атты рухани қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.
Игі шараға шаһар бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы, орталық мешіттің найб имамы Мұсабек Ақтамберді, Ахметжан Керімбек, Ербосын Орын, дінтанушы Мұхамеджан Естеміров, қалалық іс басқарушы Әлжан Сәдиев т.б азаматтар қатысты.
Рухани шара Қасиетті Құран оқумен басталды. Әуелгі құттықтау сөзді шаһар бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлына берілді. Бұл игі шара ҚМДБ-ның дәстүр және отбасы бағыты аясында өткізіліп жатқанын айрықша атап өтті. Шара аясында 30 дін қызметкерлерінің отбасына көмек көрсетелді.
Жоғары деңгейде ұйымдастырылған шара соңында шаһар бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы қолдау көрсеткен қалалық Әжелер мектебінің жетекшісі Қалдыгүл Жұмабекқызы бастаған әжелерге алғыс айтып, ризалық білдірді.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38