Бүгін Шымкент қаласы Тұран аудандық «Қождан ата» мешітінде шаһар Бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлының тапсырмасына орай, Тұран ауданының бас имамы Бекбауов Ерман имамның ұйымдастыруымен «Дәстүр және отбасы» бағыты бойынша ұлттық спорт түрлерінен жарыс ұйымдастырылды.
Атап айтар болсақ мешіт жамағаты асық ату, кір тасын көтеру және ләңгі тебу т.б сайысқа түсті.
Жүзден жүйрік шыққандарды аудан бас имамның алғыс хатымен, арнайы кубок және медальмен марапатталды.
ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі










