Бүгін Шымкент қаласы бойынша мешіт имамдардың ұйымдастыруымен игі шара өтті.
Игі шара аясында көп жылдар бойы асыл дініміздің өркендеуіне үлкен үлесқан ҚМДБ тұңғыш мүфтиі Ратбек қажы хазреттің рухына хатым Құран оқылып, дұға бағышталды.
Ниет қабыл болсын!
Айта кетейік, Абай ауданына қарасты Гауһар ана мешіті және Бейімбет молда мешіт имамдары мен ұстаздары тез арада Хатым Құран толық оқып берді. Алла Тағала разы болсын!
ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі




