Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Бағдарлық баяндамасы аясында Шымкент қаласы бойынша өкілдігі мешіт имамдарының біліктілігін арттыру курсы басталды.
,,Негізгі мақсат — мешіт имамдарының біліктілігін арттыру. Курс барысында Құран ілімін терең меңгеру бойынша жүргізіледі.»,- деді шаһар бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы.
Курсты белгілі ұстаз Нұрсұлтан Мамедалиев, Исламқұл Иманқұлұлы, Қазыбек Сарыбаев және Мұхамеджан Естеміров ұстаздар жүргізіп келеді.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі







