Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы. Исамиддин баба мешітінде 4 айға созылған «Құранға қадам» оқу курсы сәтті аяқталып, шәкірттерге арналған тәж кигізу рәсімі ұйымдастырылды.
Шарада Сыдықова Гүлжан ұстаздың бастауымен оқуды меңгерген шәкірттерге тәж кигізіліп, олардың білім жолындағы алғашқы жетістіктері атап өтілді.
Рухани кешке арнайы қонақ ретінде Шымкент қалалық Әйел-қыздар секторының меңгерушісі Досжанова Балжан ұстаз қатысып, жамағатқа уағыз-насихат жүргізді. Сонымен қатар, шара барысында сұрақ-жауап ұйымдастырылып, белсенді қатысушыларға сыйлықтар табысталды.
Іс-шара игі тілектер мен дұғамен қорытындыланды.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі







