Шымкент қаласы «Тура жол» мешітінде әйел-қыздар діни сабақ ашу курсында ұлы Абайдың 180 жылдығына орай «Хәкім Абайдың тағылымы» атты ашық сабақ өткізілді.
Шәкірттерге ұстаздарымыз тарапынан қазақ халқының атақты қайраткері Абай Құнанбайұлының өз еңбектерінде Ислам әдептері, Ислам ақидасы сынды терең мәселелерді талдағаны, «Отанды сүю — иманнан» деп, елін-жерін шын сүйіп қастерлегені жайлы сабақ өтілды.
Сабақ барысында шәкірттер тарапынан ұлы ақынның өлеңдері, қара сөздері оқылды, өмірбаянына қатысты сұрақ-жауаптар қойылды.
Сабақ соңында осылайша басқа да қазақ ойшылдарының діни дүниетанымы қасиетті Құран Кәрімге, Пайғамбарымыздың (с.а.у.) мүбәрак хадистері секілді исламның қайнар көздерiнен бастау алып, дәстүрлі ислам арнасында қалыптасқаны жайлы талқыланып, ал енді еліміз келешегі болған жастарымызға дәстүрлі исламнан ауытқып, өзге ағымдардың жетегінде кетпеу үшін еліміздың тарихын, отан қайраткерлерінің өмір жолдарын және шығармашылықтарын жақсы оқып-үйрену насихатталды.
Алла Тағала елімізді берекелі де бейбіт мекендерден етіп, ұрпақтарымызды отанын сүйіп, ұлағатты ұстаздарын құрметтеп, елімізге, дінімізге қызмет етуші Хәкім Абай сынды ғұламалардан еткей!
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі


