Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлы
Құрметті отандастар!
Ардақты ағайын!
Баршаңызды қасиетті де қастерлі мереке – 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Тәуелсіздік – Алланың халқымызға берген ең ұлы нығметтерінің бірі. Бұл – ата-бабаларымыздың сан ғасырлық арманы, елдің азаттығы жолында жанын қиған боздақтардың аманаты. Еркіндік пен егемендікке жету – үлкен сынақ, ал оны сақтап, нығайту – әрбір азаматтың қасиетті борышы.
Бүгінгі Тәуелсіз Қазақстан – бейбітшілік пен келісімнің, татулық пен бірліктің мекені. Ислам діні де адамзатты әділетке, сабырға, өзара сыйластық пен елге қызмет етуге үндейді. Осы құндылықтар қоғамымыздың берік іргетасына айналсын.
Алла Тағала елімізге тыныштық пен тұрақтылық, халқымызға амандық пен береке нәсіп етсін. Тәуелсіздігіміз мәңгі, тұғырымыз берік болғай!
Еліміздің еңсесі биік, болашағы жарқын болсын!
