Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, «Аңламас ата» мешітінде ауданда орналасқан мешіттердің имамдарының кезекті көшпелі семинары болып өтті.

Семинарға ауданның бас имамы Ербол қажы Қалшабек, қала имамының орынбасары, наиб имам Ахметжан қажы Керімбек, ауданның кураторы имам Дастан Желеуов және аудандағы мешіттердің имамдары мен наиб имамдары, ұстаздары қатысты.

Семинар барысында, аудан имамы Ербол қажы Тастанбекұлы қонақтар мен қатысушыларға ризашылығын білдіріп, қала имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлының сәлемін жеткізді. Сөз кезегін алған қала имамы орынбасары, наиб имамы Ахметжан қажы Керімбек, қала бойынша «Дін мен дәстүр» бағыты жауапты имам ретінде, ағымдағы айдың жұмыс жоспарымен таныстыра келіп, есепті жылда аудан имамдарының «Дін мен дәстүр» саласы бойынша атқарған жұмыстарына оң бағасын берді. Келесі кезекте сөз алған Дастан Сүлейұлы қала бойынша «Жат діни ағымдардан сақтандыру» бағытына жауапты имам ретінде, үстіміздегі жылғы атқарылған жұмыстарға өз бағасын беріп, алдағы жұмыс жоспарына кеңінен тоқталды.

Семинарды қорытындылаған аудан имамы Ербол қажы Тастанбекұлы баяндамашыларға алғыс айтып, қатысушыларға алдағы жұмыс жоспарларының жоғары деңгейде орындалуын тапсырды.

Семинар соңында, ағымдағы жылда жақсы қызмет атқарған діни қызметкерлерге ҚМДБ-ның 35 жылдығына орай алғыс хаттар табыстады.

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38