ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Бағдарлық баяндамасына орай және «Ислам және отбасы құндылығы» жылы аясында Шымкент қаласы, Абай ауданы Әскерұлы Асқар қажы мешітінде Жат ағымдардың алдын алу бағытының көшпелі отырысы өтті.
Басқосуға шаһар бас имамы орынбасары Ахметжан Керімбек, ардагер имам Дәуренбек Тасқараев, Бекайдар Әміре, Мұхамеджан Естеміров және мешіт имамдары мен ұстаздары қатысты. Аталмыш семинар аясында Абай аудандық Кенесары хан мешітінің бас имамы Мұхамеджан Естеміров жат ағымдардың алдын алу жұмысының мақсаты мен міндеттері жөнінде айтып өтті. Және жылдық жұмыс жоспарын таныстырды
Отырыс барысында тақырыпқа қатысты сұрақтар қойылып, жан-жақты жауап берілді.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы
бойынша баспасөз қызметі








