Бүгін ҚМДБ «Ислам және отбасы құндылығы» жылы аясында Шымкент қаласы, Абай ауданы Мастура қажы мешітінде ҚМДБ концептуалды құжаттарына сәйкес кеңейтілген мәжіліс өтті.
Басқосуға шаһар бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлы, найб имам Мұсабек Ақтамберді, Ахметжан Керімбек, Қазыбек Сарыбаев, ардагер имам Дәуренбек Тасқараев, Мұхамеджан Естеміров, Исламқұл Иманқұлұлы және мешіт имамдары мен ұстаздары қатысты. Семинар барысында шаһар бас имам орынбасары Мұсабек Ақтамберді уағыз насихат айтуда дәстүрмен сабақтастық негізінде айту туралы дәріс өтті.
Жиын барысында сұрақтар қойылып, жан-жақты жауап берілді.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі





