Бүгін ҚМДБ «Ислам және отбасы құндылығы» жылы аясында Шымкент қаласы, Абай ауданы Мастура қажы мешітінде ҚМДБ концептуалды құжаттарына сәйкес кеңейтілген мәжіліс өтті.
Басқосуға шаһар бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлы, найб имам Мұсабек Ақтамберді, Ахметжан Керімбек, Қазыбек Сарыбаев, ардагер имам Дәуренбек Тасқараев, аудандық мешіттің бас имамы Мұхамеджан Естеміров, қалалық Шариғат және пәтуа бөлімінің жетекшісі Исламқұл Иманқұлұлы және мешіт имамдары мен ұстаздары қатысты. Айтулы басқосуда аудандық жат ағым бағытына жауапты маман Нұрсұлтан Орынбаев жат ағымға байланысты арнайы дәріс өтті.
Жиын барысында сұрақтар қойылып, жан-жақты жауап берілді.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі





