Бүгін, Шымкент қаласы облыстық орталық мешітінде оқылған жұма намазында «Алаш» қайраткерлерін еске алу шарасы ұйымдастырылды.
Шара аясында ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имамы Б.Бейсенбаевтың бастамасымен Алаш Арыстарының есімдері ардақталып, ерен еңбектері еске алынып, рухтарына арнайы Құран Кәрім тіләует етілді.
Біздің халықтың игілігі жолындағы олардың сіңірген еңбегі егемен Қазақстанның қалыптасуының негізін қалауға мүмкіндік берді. Сондай-ақ биыл Алаш Арыстары атылған қанды «37»-ге де 81 жыл толды.
Бұл шара өңіріміздегі қала, аудан орталық мешітіндерінде өз жалғасын тапты.
ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі