Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Шымкент қаласы, Тұран аудандық “Қождан ата”мешітінде Ислам және Отбасы құндылығы жылы аясында «Әйел және Отбасы” атты, әйел-қыздар жамағатына арналған рухани-танымдық семинар болып өтті.
Семинарда отбасының құндылығы, ер мен әйелдің орны, әйел кісінің мәртебесі жайында аят-хадистермен, ғибратты оқиғалармен, мақал және нақыл сөздер айтылып насихатталды.
Атылмыш семинарда әйелдің ері алдындағы міндеттері, ердің әйелі алдындағы міндеттері де айтылды. Семинарға жалпы 16 әйел-қызбаласы қатысты. Семинар соңында сұрақтар қойылып, дұға тілектермен аяқталды. Жоғарыда аталған семинар Дін мен дәстүр бағыты бойынша өткізілді.
Модератор: Ермекбай Шынар ұстаз.

ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38