ҚМДБ Шымкент қаласы өкілдігі Бақдаулет қажы Нұрматұлының тапсырмасымен Әл-Фараби аудандық Ордабасы мешітінде “Ислам — ынтымақ пен бірлік діні” атты көшпелі кеңейтілген семинар өтті. Ең алдымен қасиетті құранмен басталған жиынды аудан бас имамы Ералы Сапарбайұлы сала мамандарына сөз кезегін ұсынды. Шара барысында ҚМДБ бекіткен бағыттар бойынша жасалған жұмыстар нақтыланып, дін қызметкерлеріне нақты нұсқаулықтар берілді. Жиын соңында ақсақалдар бата беріп, барша дін қызметкерлеріне сәттілік тіледі.
ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі



