IMG 539

IMG 539

2018 жылдың 14 ақпан күні Түркістан қаласы Хамза атындағы №2 жалпы орта мектебінде Түркістан қаласы «Тарихи мәдени этнографиялық» орталығының Жалпы экскурсиялық жұмыс бөлімінің ұйымдастыруымен оқушылармен кездесу болып өтті.
Кездесу «Қатер қайдан демеңіз» тақырыбында кездесу сұхбат өрбіді. Әуелі сөзді орталық «Түркістан-Ахмет Яссауи» мешітінің наиб имамы Ерлан Кизбаев алып, оқушыларға «Ағымдардың кесапаты және жастарды олардан сақтану жолдары» туралы уағыз айтса, мектеп психологы С.Мырзаметова келер ұрпақ жас өренді өмір қауіпсіздігіне, жанашырлыққа, бейбіт рухтағы адами қасиеттерге тәрбиелеу екендігін айтты, «Тарихи мәдени этнографиялық» орталығының Жалпы экскурсиялық жұмыс бөлімінің меңгерушісі Омар Жексенбаев білімді ұрпақ ел ертеңі екені жайлы насихат айтты. Экстремизм, терроризм терминдері жайлы түсіндіріп, лаңкестікпен қарсы күрестің құқықтық негіздері тақырыбында әңгіме өрбітті. Жалпы іс-шара жоғары деңгейде өтіп, оған мектеп әкімшілігі өз алғыстарын жеткізді.
Кездесу барысында оқушылар тарапынан сұрақтар қойылып, нақты жауаптар алынды.

«Түркістан-Ахмет Яссауи» мешітінің баспасөз қызметі

 

IMG 538

IMG 539

IMG 540

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38