IMG 535

IMG 535

Алла тағаланың 99 көркем есімдерінің мағынасын білу, жаттау және онымен амал ету мұсылман үшін ең бір хайырлы амалдардың қатарынан екені сөзсіз. Осыны шәкірттерге кеңінен насихаттау мақсатында ОҚО бойынша «Əйел-қыздар секторының» ұйымдастыруымен Әл-Фараби ауданына қарасты Айқап мешітінде «Алла Тағаланың 99 көркем есімдері» атты шәкірттер арасында сайыс өткізілді.
Мешіт шəкірттері арасында өткен іс шара барысында шəкірттер Алла Тағаланың 99 есімдерін жатқа айтудан жəне мағынасын білуден сынға түсті. Үздік шыққан шəкірттерге арнайы бағалы сыйлықтар берілді.
Келген қонақтар да шарадан тыс қалмай, тақырыпқа байланысты түрлі викториналық ойындарға қатысып, сыйлықтарын ұтып алып жатты.
Келген қонақтарға Құран Кәрімнің отызыншы парасының арабша, қазақша мағыналық аударма кітабы таратылды.
Сайыс соңында келген қонақтарға дастархан жайылды.

IMG 532

IMG 535

IMG 537

IMG 534

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38