jannat pen tozak

jannat pen tozakАса мейірімді, рақымды Алланың атымен бастаймын. Барлық мадақ әлемдердің Раббысы Аллаға тән. Адамзаттың асылы Мұхаммедке, оның отбасы мен сахабаларына салауат пен сәлем болғай!

Жәннат пен тозақ – мәңгілік мекен. Иман етіп, ізгі амал жасағандар Алла тағаланың кеңшілігімен жәннатқа кіреді. Ал, иманға келмей, күпірлікпен күн кешкен адам Жаратушының әділдігімен, қалауымен тозаққа түседі.Бұл жөнінде имам Тахауи: «Пенде жәннатқа Алла тағаланың кеңшілігімен ал, тозаққа әділдігімен кіреді», – деген. 

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Алла тағаланың рақымынсыз ешкім жәннатқа кірмейді,-деді. Сонда: «Уа, Алла елшісі! Сіз де ме? – деді. Пайғамбар: «Иә, мен де. Тек егер Алла тағала рақымына бөлесе ғана», – деді.

Адамның тозаққа кіруі – Алла тағаланың зұлымдығы емес, керісінше әділдігі. Өйткені, адамға иман ету таңдауы берілген. Сондай-ақ, иман мен Алла әмірін тәрк етіп және тыйым амалдарды істегенге азап бары ескертілген. Сондықтан азаптау – Алла тағаланың әділдігі мен хикметі[2],-деп жазады.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Жәннат тұрғындары өлмейді, қартаймайды, олардың киімдері тозбайды және жастық шақтары өтпейді[3]»,-деп айтқандай осы екі мекеннің тұрғындары да мәңгі жасайды. Демек, жәннат пен тозақ жаратылған, бұл екеуі ешуақытта жоқ болып кетпейді.

«Иман келтіріп, ізгі амал істегендер жаратылғандардың жақсысы. Олардың Раббыларының қасындағы сыйлықтары – астынан өзендер ағатын Ғадын жәннаттары. Олар онда мәңгі қалып, АллаТағала олардан, ал олар АллаТағаладан разы болады. Осы сыйлық Раббысының азабынан қорыққан пендесіүшін» («Байина»сүресі,8-7аят).

Тозақ – АллаТағаланың барлығы мен жалғыздығына иман келтірмей, Оның әмірлеріне қарсы келгендер үшін дайындалған орын.

«Мұхаммед (с.ғ.с.)!: «Бұл ақиқат (яғни, Құран Кәрім) Раббыларыңнан!» – де. Сонда кім қаласа сенсін, кім қаласа қарсы келсін. Расында Біз кәпірлер үшін дуалдары қоршап алатын тозақ отын әзірледік. Егер олар су сұрап жалынса, еріген кен тәрізді, оған жақындағанда беттерді қуыратын су беріледі. Ол қандай жаман сусын және қандай жаман орын».«Жәннатта олар шаршамайды және одан мәңгі шығарылмайды».                            
     «Жәннат тобы жәннатқа, ал тозақ тобы тозаққа қарай жүрген уақытта, өлім жәннат пен тозақтың арасына келтіріліп бауыздалады (жойылады). Кейін жаршы: «Ей, жәннат тобы! Өлім жоқ етілді. Ей, тозақтобы! Өлім жоқ етілді» – деп жар салады. Сол уақытта жәннат тобы қуанғанның үстіне қуанып, тозақ тобы қайғырғанның үстіне қайғыра түседі.
       

Тозақтың атаулары:                                                                                      

Тозақты   көбінесенәр (от) деп атайды. Сонымен   бірге,  Құран Кәрімде тозақтың сипатын көрсететін бірнеше атауы бар.

 Олар:

  1. Жәһаннам. Бұл ең көп кездесетін атауы. Бұл сөз түнеру және жақтырмай қарау етістігінен алынған. Құранда: «Олар сол күні, тозаққа итеріліп тасталады»,-делінген.
  2. Ләзо. Мағынасы – жалын. Тозақ отынан шарпыған жалын денені өртеп, теріні жейді. Алла тағала: «Әсте олай болмайды! Шын мәнінде ол тозақ, жалындаған от. Теріні сояды»,– деп ескертеді.
  3. Хұтама – бұзу, сындыру етістігінен алынған. Тозақ отының қаттылығынан от өзінен өзі бөлінеді және ішіндегі мақлұқаттарды да бөліп тастайды. Құран Кәрім: «Олай емес, әлбетте ол «Хұтамаға» тасталады. Хұтаманың не екенін қайдан білесің? Ол – Алланың жағылған оты. Сондай жүректерді шалатын. Расында, олар ол отқа қамалады. Ұзын діңгектерге байланады»,-дейді.
  4. Саъир – қатты жану, өртену дегенді білдіреді. Құран: «Осылайша қалалардың орталығы (Мекке халқын) әрі маңындағыларды қорқытуың және де болуында шәк жоқ күні, жиналуды ескертуің үшін саған арабша бір Құран уахи еттік. Ол күні бір топ жәннатта, бір топ тозақта», – деп ескертеді.
  5. Һәуиә – терең жерге зымырап құлау дегенді білдіреді. Құран Кәрімде: «Ал, енді біреудің таразысы жеңіл тартса, онда оның орны «Һауиә» болады. Ол һәуиәнің не екенін білесің бе? Ол – жалындаған от»,-делінген.
  6. Жахим. Жахм етістігі – қатты жану мағынасын білдіреді. Құранда: «Оны ұстаңдар да байлаңдар. Сосын оны тозаққа салыңдар».
  7. Сақар. Күннің қатты қызып, заттарды балқыта түсуін арабтар сақар күн деп айтады. Құранда: «Оны жағатын тозаққа саламыз. Ол тозақтың не екенін қайданбілдің? Кейін қалдырмайды да шала тастамайды. Ол, адам терісін өртеп кетеді. Оған он тоғыз (періште) қарайды»,-дейді.

Айша(р.а.)анамыз жеткізген хадисте: «Дұрысамал жасаңдар, жақсығажақын болыңдар және жақсылықты сүйіншілей жүріңдер. Себебі, ешкімамалымен жәннатқакірмейді.Адамдар: «Уа,АллаЕлшісі! Сіз де ме? – деді. Пайғамбар: «Иә, мен де. ТекАллатағаларахымынабөлесе ғана. Біліңдер,Аллатағалағаұнамдыамалаз болсадаұдайы жасалғаны»,– депайтылған.

Жәннаттыңатаулары:

Жәннат – сөздік мағынасы жемісағашы мол, ішіндеөзендераққан,ағаштарының көптігінен іші көрінбейтін бау.

Құран Кәрімде жәннаттың бірнешеатауы бар.Араб тілінде бір заттың көпатауы болуы оның маңыздылығын көрсетеді.

 

1.Хуснә.«Жақсы іс істегендерге жақсылық әрі артығы да бар…».

2. Дәр әс-Сәләм. «Оларға Раббыларының қасында бейбітшілік жұрты бар…».

3.Жәннәт Ғадын (ғадын жәннаты). «Алла  мүмін ерлер мен мүмін әйелдерге астарынан өзендер ағатын, олар онда мүлде қалатын бақшалар мен Ғадын жәннатында, көркем орындар уәде етті…».

4.Жәннәт Нәғим (Рахаттық жәннаты) «…оларды астарынан өзендер ағатын Нағым жәннәтінің жолына салады».

5.Дәр Мұттақин (Тақуалар мекені) «…Әлбетте тақуалардың қонысы қандай жақсы».

6.Жәннат Фирдаус (Фирдаус жәннаты) «Расында иман келтіріп, түзу іс істегендер үшін Фирдаус жәннаты  қонақ үй болады».

7.Жәннат Хулд (Мәңгілік жәннаты) «(Мұхаммед (с.ғ.с.) Осы азап жақсы ма? Немесе тақуалар үшін сыйлық әрі барар орын түрінде уәде етілген мәңгілік жәннат жақсы ма? -де».

8.Ғұрфат (Бөлмелер) «Міне, бұлар сабыр еткендіктері себепті жоғары сыйлыққа бөленеді…

9.Дәр Муқомә (Мәңгі тұрақ мекені) «Ол өз кеңшілігінен бізді тұрақты орынға орналастырады. Бізге бұл жерде шаршау да, жалығу да болмайды»

10.Дәр қарар (Тұрақты Мекен) «…Сөзсіз ақырет, ол тұрақты жұрт» .

 

Әбу Һурайра (р.а.) риуаят еткен хадисте: «(Алла тағала )«Ізгі құлдарым үшін көз көрмеген, құлақ етімеген және адам баласының ойына келмеген жақсылықтарды әзірлеп қойдым,-дейді» – деп айтылған.

Жәһәннам –дінсіздер мен имансыздардың мекені. Сырат көпірінен өте алмаған пенделердің тозақ отына лақтырылатындығы белгілі. Мәселе солай болғандықтан жәһәннәм кәпірлер мен мүшріктердің және мунафиқтардың мәңгілік азап шегетін мекені. Ал күнәһар мұсылмандар істеген күнәларінің деңгейіне қарай жәһәннамда соның жазасын тартып, жүрегіндегі әдепті иманының арқасында Алла қаласа соңында жәннәтқа барады. Құранда жәһәннамның түрлі есімдері мен дәрежелері келтіріледі. Мысалы, Нар (от), Хауия (түскендердің көпшілігі қайтпайтын жер), Сайр (лаулаған от пен жалын), Лазза (түтінсіз от), Сакар (от), Хутама (қып-қызыл қарыған от) деген тәрізді атаулар кездеседі. Бұлардың әрбірі тозақтың түрлерін білдіреді. Жәһәннамның қандай екендігі, имансыздардың онда қалай жазаланатындығы Құранда жанжақты кеңінен баяндалған. Тозақтың отыны адамдар мен тастардан құралған. Жәһәннәм азабын тартып жатқандардың ішетіндері – ыстық қайнаған су мен қан аралас ірің. Тозақ олар үшін бейне бір зындандай болып, олардың дене бітімдері жанып біткен сайын ет пен тері қайта кигізіліп, мәңгілік азап шегеді. Осылайша Алланың әмірі мен тыйымдарына қарсы келгендердің жазасы адам айтқысыз ауыр болады. Егер жәһәннәм азабы болмаса, өмірдегі жақсы мен иман негіздері 347 жаманның, халал мен харамның, ақ пен қараның, күнә мен сауаптың пәлендей маңыздылығы да болмай, адамзаттың жаратылысының да ешбір мәнісі қалмас еді. Әркім өз білгенін істеп, күшті әлсізді езіп, бейбіт қоғам құру мен өмір сүру еркіндігі мүлдем шектеліп, адамдық қасиеттен жұрдай болып, қадір-қасиеттен айрылар едік. Сондықтан Аллаадамның мәртебесін өлшеу үшін тозақ пен пейішті жаратты. Бұл қай тұрғыдан алсақ та әділеттің ақ туындай Жаратушының бізге берген баға жетпес сыйы екендігін ұмытпауымыз керек. 

Жәннәт – мүминдердің мәңгілік бақыт мекені. Қияметте ақырет күнінің есебінен абыроймен өткендер сырат көпірінен де жеңіл өтіп, өздеріне уәде етілген мекендері жәннәтқа кіреді. «Жәннәт» сөзі – бау- бақша, жанға жайлы саяжай деген ұғымды білдіреді. Ол – мүминдердің мәңгілік мекені болғандықтан, онда Алланың мүмин құлдарына сыйлаған шексіз нығметтері бар. Жәннәтта астынан өзендер ағып жататын зәулім сарайлар, түрлі-түсті жеміс-жидектер, сан алуан тағам түрлері, яғни адам қажеттілігін қанағаттандыратын ғажайыптардың барлығы бар. Жәннәттың басты ерек-шелігі онда өлім жоқ, тек мәңгілік жалғасатын ләззатті өмір, бақыт һәм қуаныш бар. Мұншалықты нығметті Аллаөзіне иман етіп, әмірі мен тыйымдарын бұлжытпай орындаған пенделеріне ғана нәсіп етеді.

Жәннәттағы Жаратушының ұлы сыйы жайында көптеген аяттарда баян етілген. Құранда жәннәттың түрлерін мына есімдер арқылы танып білеміз: Жәннәтул мәуа (шәхидтер мен мүминдердің мекені), Дарул хулуд (мәңгілік үйі), Фир- даус (барлық нәрсені қамтыған жәннәт бағы), Дарус- Сәләм (амандық, есендік мекені), Жәннәтул адн (тұрақты, Иман негіздері 348 мәңгілік жәннәты), Дарул муқама (мәңгі қалатын жер), Әл-Мақамул-әмин (сенімді мақам). Жәннәттің таңғажайып асыл мекен екендігі Құранда да ап-айқын баяндалады: «Иман келтіріп, ізгі іс істегендерді қуандыр! Расында олар үшін астарынан өзендер ағатын жәннәттар бар. Әрқашан оларға оның жемісінен бір ризық берілсе, олар осы бізге бұрын да беріліп еді деп айтады. Тағы соншасы беріледі. Әрі олар үшін тап-таза жұбайлар бар. Олар онда мәңгілік қалады». Жәннәттағы адамның қиялы жетпейтіндей өте әдемі де сүйкімді, қараған сайын көздің нұрын алатындай тартымды өзге де нығметтердің бар екендігін мына бір хадистен білеміз: «Аллабылай дейді: «Мен Салих құлдарым үшін жәннәтта ешбір көз көрмеген, бұрын-соңды ешбір құлақ естімеген, ешбір адамның ойына кіріп-шықпайтын кейбір нығметтер дайындадым» (Бухари Тәфсир 32 сүре; Муслим Жәннәт 1; Ибн Мажа, Зухд 39). Мүминдер үшін жәннәттағы ең үлкен нығмет – Алланың разылығын алу мен Оның дидарын көру. «Тәубе» сүресінің 72-аяты да осыны меңзейді: «Алланың разылығы – (жәннәттың барлық нығметтерінің) ең үлкені. Міне, осы – ең үлкен табыс, қол жеткізушілік».

Осы дүниеге келіп өмір сүру, өлу, қабір өмірі, тірілу, жиналу, есеп беру сияқты бөліктерден тұратын ұзын саяхаттың аяғы не Жәннәт, не Тозақ болып екеуінің бірімен аяқталады. Бұл екеуінен басқа барар жер жоқ. Осы дүниеде тура жолмен жүрген мұсылман баласы Алланың рақымымен Жәннәтқа кіреді. Олар жайлы АллаТағала Құранда былай дейді: «Күдіксіз сондай иман келтіріп, түзу іс жасағандар, міне солар жаратылғандардың жақсысы. Олардың Раббыларыныңқасындағы сыйлықтары, астарынан өзендер ағатын Ғадын жәннәттары. Олар онда мәңгі қалады. Аллаолардан разы, олар Алладан разы. Осы сыйлық Раббысынан қорыққан кісі үшін» («Бәййнә» сүресі,7-8 аяттар).
       Ал Аллаға иман келтірмеген, Аллағақарсы шыққан, адасқан қауым Тозаққа барады. АллаТағала былай дейді: «Расында, Аллакәпірлерге лағнет етті. Және оларға жалындаған тозақ әзірледі.
Олар онда мәңгі қалады. Не дос, не көмекші таба алмайды. Олардың беттері от ішінде аударылатын күні: «Әттең! Бізге не болды? Аллақа бой ұсынып, пайғамбарына көнген болсақ еді», – деді» («Әхзаб» сүресі, 64-66-аяттар)

Жәннат пен тозақтыңақиқатындабар екені жайындакөптеген Құранаяттарындаайтылған. Осы себептен жәннат пен тозақтың бар екеніне иланбаған пенде иманды болып есептелмейді.

Жәннат пен тозақ – Хақ Тағаланың жаратқаны. Мынапәни дүние емтихан орны болса, сол емтиханның нәтижесі жәннаттың мәңгі ләззаты болмасатозақтың мәңгіазабы болады. Яғни, дүние сынағынан өтеалған жәннаты,ал өтеалмаған тозақы болады.

Біреулер: «Жәннат, тозақ дейсіңдер. Соны көрген кім бар»– дейді. Мұндай тұрпайы сөз мұсылман пендеге жараспайды.Ақиқатындажәннат пен тозақты өз көзімен көрген пенде бар. Ол – біздің пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с). Пайғамбарымыз (с.ғ.с) жәннат пен тозақты миғрәж түнінде өз көзімен көрген әрі ол жайындахадистеріндеайтып кеткен.

Мәселен, Имам Тирмизи Әбу Һурайрадан (р.ъ) риуаят еткен хадисте Расулуллаһ (солләл-лаһу ъаләйһи уә салләм) былай деген: «АллаТағала Жәннат пен тозақты жаратқаннан кейін Жәбрәилді (ғ.с) Жәннатқа жіберіп: «Жәннатты және оның тұрғындарына не әзірлегенімді көр», – деп бұйырды. Жәбрәил (ғ.с) Жәннат пен оның тұрғындарына әзірленген нәрселерді көріп қайтқаннан кейін: «Уа АллаТағала! Сенің ұлықтығыңмен ант етем! Ол жайында естіген оған кірмей тынбайды», – деді. Сонда Хақ Тағала әмір еткен еді, Жәннат нәпсіге жағымсыз нәрселермен қоршалды. Осыдан соң АллаТағала Жәбрәилге (ғ.с): «Қайта барып Жәннатты және оның тұрғындарына әзірлегенімді көр»,  – деп бұйырды. Жәбрәил (ғ.с) Жәннат нәпсі қаламайтын нәрселермен қоршалғанын көргеннен кейін, кері қайтып: «Уа АллаТағала! Құдіретіңмен ант етем! Мен Жәннатқа ешкім кіре алмай ма деп қорқамын», – деді. Кейін АллаТағала: «Енді барып тозақты және тозақыларға не әзірлегенімді көр», – деп бұйырды. Жәбрәил (ғ.с) ондағы жаза мен азапты көргеннен кейін, қайта келіп: «Ұлықтығыңмен ант етем! Ол жайында естіген оған ешқашан жоламайды», – деді. Сонда Хақ Тағала әмір еткен еді, тозақ шәһуетпен қоршалды. Осыдан соң АллаТағала Жәбрәилге (ғ.с): «Қайта барып көр», – деді. Жәбрәил (ғ.с) тозақты көргеннен кейін: «Уа АллаТағала! Құдіретіңмен ант етем! Мен тозақтан ешкім құтыла алмай ма деп қорқамын», – деді»(«Сунәнут-Тирмизи»). Міне, бұл хадистен жәннат пен тозақтың бар екені айқын көрініп тұр. Осы тәрізді аят пен хадистерді саналы түрде жоққа шығарған пенде дінненшығады. Сонымен қатар, біздер, яғни әһлүс-сунна уәл-жамағатжұрты қазіргі уақытта жәннат пен тозақ бар деп сенеміз.

 

АллаТағала баршымыздың құлшылығымызды, ізгі амалдарымызды қабыл етіп, екі дүниеде де жүзімізді жарық етсін! Амин!

Ерменбаев Руслан,

 Түлкібас аудандық  «Түлкібасата» мешітінің имамы

.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  • «Құран Кәрім» қазақшамағынажәне түсінігі, ХалифаАлтай, Мадина
  • «Ислам әдебі», С.Сейтбеков, С.Нысанбаев, Шымкент – 2003 ж.     
  • «Құран кімнің сөзі?», Мұхитдин Исаұлы, «Алтын қалам» баспасы,Алматы 2004. 
  • «Негізгі діни мағлұматтар»,Сейфеддин Языжы, Алматы 2004.
  • «Ұлы Жаратушығаиман»,Қайрат Жолдыбайұлы, Алматы – 2003.
  • сайты
  • сайты

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38