Бүгін ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша өкілдігі қалалық Дін мен дәстүр бөлімінің Абай ауданында көшпелі семинары өтті.
Оған Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлының тапсырмасына сәйкес қалалық «Дін мен дәстүр» бөлімінің жетекшісі Ахметжан Керімбек пен Самат Анарбаев арнайы қатысып атқарылған жұмыстар туралы ақпарат берді. Алдағы Республика күні мерекесі қарсаңында жоспарды таныстырды.
Айта кетейік, аталмыш шараға бес аудандағы арнайы мамандар қатысты. Келесі семинар Еңбекші ауданында өткізіледі.
ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі






