Бас муфтиіміз Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен 2025 жылды «Ислам және отбасы құндылықтары» жылы деп жариялады. Осы жыл аясында Шымкент қаласы Тұран ауданы Қождан ата мешітінде Әсем Аязалиқызының ұйымдастыруымен «Асыл анамның ізімен» атты қалалық деңгейде сайыс өтті.
Сайысқа Шымкент қаласы бойынша 8 жұп (қызы мен анасы) отбасы қатысты. Аналар мен қыздары мына 6 тур бойынша сайысты. Олар:
1.Сәлемдесу
2.Анамның өнегесі
3.Қыз бен ана өнері
4. Анама хат
5. Үйлесімділік және ұқсастық
6.Ситуациялық сұрақ.
Нәтижесінде:
1.орын Гулзейнеп Темірханқызы (анасы) Қарақат Сапарханқызы (қызы)–50000тг
2.орын. Салмұратова Рабиға (әжесі) Раяна Разымберді (немересі)-30000тг
3.орын. Базарова Таңшолпан (анасы
Кеңесбек Айлуна (қызы)-20000тг жүлделі орындарды иеленді.
Қатысушыларға ақшалай сылық берілді.
Сайысқа Шымкент қаласының әйел-қыздар сектор жетекшісі Досжанова Балжан ұстаз. Түзелова Айжарқын ұстаз және Түркістан облысы әйел-қыздар сектор жетекшісі Әбиева Еңлік ұстаздар төлелік етті.
Дін мен дәстүрді ұштастырған бұл сайыс өте әсерлі әрі жоғары деңгейде өтті.
ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі







