Бүгін, Шымкент қаласы облыстық орталық мешітінде тұңғыш рет Республикалық «Уақып» корпоративтік қайырымдылық қоры Оңтүстік Қазақстан облысы аумағындағы ауылдық мешіттің имамдарына тұрақты қайырымдылық көмек беру салтанатты шарасын ұйымдастыруда.
Аталмыш шараға ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имамы Ахметжан қажы Керімбек және облыстық Дін істер басқармасының басшысы Самат Сапарбаевтар қатысты.
Қажеттілікке орай ай-сайын берілетін қайырымдылық көмектің орташа мөлшері 50-60 мың теңге.
«Айта кетейік, елімізде 2563 мешіт бар. Ал оның 817-сі Оңтүстікте орналасқан. Бүгінгі шара барысында 80 ауылдық мешіт қызметкеріне қаржылай көмек берілді. Алдағы 2018 жылы кезең-кезеңімен облыстағы жалпы саны 1782 мешіт қызметкерлерінің барлығына көмек беру жоспарлануда», – деді облыстық бас имамы А.Керімбек.
Шара барысында облыс имамы А.Керімбек «Уақып» корпоративтік қайырымдылық қорының алдағы қызметі туралы жергілікті «Айғақ», «Отырар», «Оңтүстік ТВ», «TVK» телеарнасы мен облыстық «Оңтүстік Қазақстан», «Жануби Қазақстан», «Южный Казахстан» газеттеріне сұқбат берді.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы
ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі