ҚМДБ, Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Байғұт баба метінің ұстазы әрі әйелдер жамағаты бірігіп, 300 адамға Рухани ауызашар ұйымдастырды. Ауызашарда ұстаздар уағыз айтып, ойындар ойнатты. Келген қонақтар арасында демеушілердің себебімен нәсіп болған түрлі тұрмыстық техникалар айтап айтсақ – Тоңазытқыш, кір жуатын машина, пеш, микроволновка, үтік, шаңсорғыш және т.б заттар лоторея арқылы ұтыс иелеріне табысталды. Ең үлкен сыйлық 2 Умра болды. Алла оразаларымызды қабыл етіп, рамазаннан рамазанға аман есен жете берейік. Барша үлес қосқан жандарға Алла разы болсын, садақалары қабыл болсын.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38