Рамазан Құран айы. Рамазанның құрметті айға айналу себебі, осы айда Құран Кәрімнің түсуі.
Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Есжанұлы Сейітжан қари мешітінде, «Құран екі дүниеде бақытқа жетелейді» тақырыбында семинар өтті. Семинарда Құранның екі дүниеде пайдасы, Құран оқушының дәрежесі, Құранды оқуда тұрақтылықты сақтау және қасиетті сүрелер жайында мәлімет берілді. Семинарға қатысушы шәкірттеріміздің, қасиетті Құран кітабын оқуға деген ықыласы арта түседі деген ойдамыз. Семинар жүргізуші Нұғманқызы Майра. Қатысушы саны 100 шәкірт.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласыбойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38