Бүгін ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасы аясында «Рамазан сыйы» республикалық қайырымдылық марафоны аясында  Шымкент қаласы бойынша өкілдігі 1200 отбасыға қайырымдылық көмек ұйымдастырылды.

Игі шара барысында Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахманов,  найб имам Мұсабек, Ақтамберді, Ахметжан Керімбек, Мұхамеджан Естеміров, қалалық «Зекет және қайырымдылық» қорының жетекшісі Айбек Азимбаев, іс басқарушы Әлжан Сәдиев,  Жастар ісі секторының жетекшісі Әзімбек Қарабеков т.б. азаматтар қатысты.

Қайырымдылық шара барысында көпбалалы, мүмкіндігі шектеулі тіркеуден тұрған 1200 отбасыларға азық-түлік себеті үлестірілді.

Жыл сайын дәстүрлі түрде  өтетін шараға қолдау көрсеткен  кәсіпкерлерге Алла Тағала разы болсын!

Айта кетсек,  қайырымыдылық 5 орында өткізілді. Кейбір азаматтардың мүмкіндік шектеуіне орай үйлеріне жеткізілді.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласыбойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38