Бүгін, Шымкент қаласы, Әл-Фараби аудандық «Ордабасы» мешітінде ҚМДБ-ның 35 жылдығына орай, «Ақсақалдар арасында ІІ Республикалық «Ақ бата» бата беру» байқауына іріктеу «Бата – бақыт бастауы» сайысын өткізді.

Сайыстың бірінші кезеңінде, «Дін мен дәстүр» бағыты бойынша сұрақтар қойылды, екінші кезеңінде, «Бата түрлері» бойынша бата берді және әр қатысушыға бата беру үшін 10 минуттық дедлайн қойылды. Сонымен қатар, ақсақалдардың сөз саптауына, сыртқы киіміне де қосымша баға берілді.

Шараға Шымкент қалалық имамның кеңесшісі Әміре Бекайдар қажы мен Дәурен қажы Тастанбеков және қалалық мешіттің наиб имамдары Мусабек қажы Ақтамберді, Ахметжан қажы Керімбек, Мұхамметжан қажы Естемиров, сондай-ақ, аудан имамы Ералы қажы Есенгелдиев бастаған аудандағы мешіттердің имамдары қатысты.

Сонымен қатар, бата сайысына 15 үміткер батагөй қариялар тіркеліп, бақтарын сынады.

Соңынан, жеңімпаздарға заттай сый-сияпат жасалды. Жалпы, осы шараға қатысушылар саны 33 кісі болды.

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38