Шымкент қаласының орталық Ақмешіт мешітінде әйел-қыздар арасында интелектуалды сайыс өтті.
Сайыс екі топ арасында, тәжуит ережелері бойынша өтті. Сайыс ерекше және көрнекі түрде, әдемі ұйымдастырумен болғандығы шәкірттердің белсенді әрі шынайы толқумен, қызығушылықпен қатысқанынан көре аламыз. Бұл сайысқа шәкіттердің жасы да қариясы да қатысты.
Әділ қазы ретінде Шымкент қаласы «Әйел-қыздар» секторы жетекшісі Досжанова Балжан ұстаз, Абай ауданына жауапты «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Кадырова Жамал ұстаз, Шымкент қаласы орталық Ақмешіт мешітінің ұстазы Түзелова Айжарқын ұстаз төрелік етті.





















