Шымкент қаласында орналдасқан мешіттерде Тәуелсіздік күніне орай «Бабалар рухына 100 Құран Хатым дұғасы» іс-шарасы ұйымдастырылды.
Мешіт имамдары Құран Кәрімді толық оқып, жамағатпен бірге бабалар рухына дұға бағыштады. Орталық мешіттегі басқосуға шаһар бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы, Мұсабек Ақтамберді , Мұхамеджан Естеміров, Ахметжан Керімбек, Қазыбек Сарыбаев, қалалық Құран секторы Ерман қажы бастаған қала имамдары қатысты.
Айта кетсек, мешіт имамдары 100 рет Құранды толық оқып, елім, жерім, отаным деп өткен бабалар рухына Құран Хатым бағашталды.
Ел аман, жұрт тыныш болсын. Әмин!