Арыс қаласының тұрғыны көп балалы ана Нәлібаева Жібек осы уақытқа дейін жалдамалы пәтерлерде тұрып, талай ауыр күндерді басынан өткізіп келген. Арыс қаласының бас имамы Абдулкарим Абдулкамалұлының ұйымдастыруымен «Жұмыла көтерген жүк – жеңіл», – демекші бүгін көп балалы отбасына қайырымды жандардың қол жәрдемімен. «Наурыз» мөлтек ауданынан үш бөлмелі үй тұрғызып беріп, қасиетті құрбан айт қарсаңында жаңа үйдің кілтін көп балалы ана Нәлібаева Жібекке бас имам жиналған көпшілік алдында табыстады. Аталмыш шараға аудан әкімінің орынбасры, аудандық мәслихат хатшысы, ардагерлер кеңесінің төрағасы қала имамдары және ел ағалары қатысты. Жаңа үйдің кілтін алған ана осындай қайырымды істің басында жүрген аудан имамы А. Абдулкамалға ризашылығын білдіріп, аналық алғысын айтты.
Арыс қаласы «Ысқақ » мешітінің баспасөз қызметі.