1 қазан – Халықаралық қарттар күні. 
Шымкент қаласы, Қаратау ауданы әкімшілігінің ұйымдастыру мен депутат кәсіпкерлердің қолдауымен ақсақал әжелерге дастархан жайылып, Қасиетті Құран аяты оқылды.
Бұл күн – аталар мен апалардың, ата-аналардың, бір-бірінің қадірін білетін жақын адамдардың мерекесі. 
Адам баласының бойындағы бұл ізгі ниет – Жаратушы Иеміз бұйыртқан әрбір секундтың еншісінен бөлінбек емес, бөлінбейді де. 
Өйткені бүгінгі жас – ертеңгі қарт. 
Халқымызда: “Қартын сыйлаған елдің қазынасы мол”,-деген ұлағатты сөз бар.
Алла Тағала Қасиетті Құранның “Исра” сүресінің 23-24 аяттарында 
“Раббың Өзінен басқаға құлшылық етпеулеріңді және ата-анаға ізгілік жасауларыңды бұйырды. Егер олардың біреуі не екеуі де қартайса, екеуіне “түһ” деп те айтпа. 
Оларға дауыс көтерме, тек жақсы сөз сөйле. 
Оларға мейірімділік пен кішіпейілділіктің қанатын жайып: “Раббым! Кішкентайымда мені тәрбиелегені секілді оларға Сен де рахым ет”,деп айт”,-– деген.
Көркем мінез иесі болған Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) да: “Әлсіздерге, науқастарға, қарттарға және кішілерге мейірімділік көрсетіңдер!”.
“Қарттарға құрмет пен сияпат Алла Тағалаға деген құрметтен туындайды”,-деген (Бұхари). 
Ұрпағы құрметтеген ата-ана әрқашан да бақытты.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі


