Облыстық мешіт жанындағы Жастар ісі бөлімі және «Алаш мұра» қоғамдық қорының ұйытқы болуымен ОҚО Төлеби ауданы, Қасқасу ауылында орналасқан Жасөспірімдер үйіндегі 150 тәрбиеленіп жатқан мүмкіндігі шектеулі балаларға қайырымдылық шарасы өткізілді.
Облыстық мешіт жанындағы Жастар ісі бөлімінің жетекшісі Азамат Әбдікерімұлы Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің тарапынан қолға алынып жатқанын Республикалық ацияның мән-маңызына кеңінен тоқталып әңгімелеп берді. Осы тұста, бұл шараға елімізге белгілі өнер жұлдыздарының қатысқанын атап өту керек.
Қайырымдылық шара барысында 150 балаға арнап дастархан жайып, сыйлықтар мен ойыншықтар тегін үлестірді. Жалпы, соммасы бес жүз мың теңгені құрайды.
Осы шараға қол ұшын берген азаматтарға Алла разы болсын!
ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі